темы WordPress скачать; блог программистов; русский WordPress на wp-docs.ru.

Шет елде доп тепкендер

%d1%85%d0%b8%d0%b6%d0%bd%d0%b8%d1%87%d0%b5%d0%bd%d0%ba%d0%beӨткен ғасырдың түгесер шағы мен жаңа жүзжылдықтың басында қазақстандық ойыншылар Ресей чемпионатында көптеп кездесуші еді. Игорь Авдеев, Руслан Балтиев, Андрей Карпович, Самат Смақов, Дмитрий Бяков, Асхат Қадырқұлов, Рафаэль Уразбахтин секілді ойыншылар солтүстік көрші елдің чемпионатында доп тепкен. Одан қала бере, Гурам Макаев Бельгияда, Кипрде Олег Литвиненко, Түрікменстанда Серік Жейлітбаев өнер көрсеткен. Австралияда футбол тəлімін алған Давид Лория Швеция, Ресей, Түркия командаларының намысын қорғаған.

Осы аталған ойыншылардың барлығы болмаса да, жартысынан көбі негізгі құрам ойыншылары еді. Ал, қазіргі жас буын футболшыларымыз шет елдерге неге кетуге қорқақтайды? Соңғы 3-4 жылда Қазақстан біріншілігінен ұзап шыққандар саны саусақпен санарлық. Ұзап шыққандардың өздері де, айлап қосалқы құрамда отырып, елге оралып жатады…
Биылғы жылы өзге елде тек екі жерлесіміз доп теуіп жүр. Бірі, Беларусь елінің «Шахтер» командасының жейдесін киюге аттанған Сергей Хижниченко мен жақын күндері Эстонияның «Тулевик» Футбол клубының ойыншысы атанған Қасымхан Таласбаев. Былтырғы жылы Малайзия чемпионатында «АТМ»-нің намысын қорғап жүрген Хасан Абдукаримов пен Борис Фоменков бар еді, бірақ, қазір олар туралы ақпарат мүлдем жоқ. Генрих Шмидтгаль, Константин Энгель, Александр Меркель секілді ел азаматтары бар. Бірақ, олар Қазақстанда өмірге келгені болмаса, Еуропаның менталитетімен өскен. Сол «Кəрі құрлықта» өнер көрсетеді.
Соңғы үш жылда легионер атанып, шет ел клубтарының намысын қорғаған ойыншылар мыналар: Польшалық «Коронада» 4 ойынға қатысып, бір гол соққан Абзал Бейсебеков, Сербияның «Спартак» Субботица клубында жарты жыл доп тепкен Максим Федин, Құрбан Бердыев баптайтын «Ростовта» жарты жыл қосалқы қақпашы болған Стас Покатилов, Сербияда ойнаған тағы бір ойыншы — Бауыржан Тұрысбек («Раднички»), Латвия чемпионатында Юрмолалық «Спартактың» сапында санаулы кездесуде алаңға шыққан Сергей Гридин, сол «Спартак» жейдесін Ринат Хайруллин де киген, артынша ол Черногорияның «Единство» командасына ауысқан. Грузияның «Динамо» командасының қосалқы құрамында ғана ойнаған Бақтияр Ғабдоллин бар. Бұл тізімге екінші рет Еуропаның бағындыруға кеткен Сергей Хижниченконы қосыңыз. Иə, бұлардың барлығы — легионер атанған тұста негізгі құрамнан орын ала алмады.
Бізде шет ел ұжымдарында негізгі құрамда өнер көрсетуге лайық ойыншылар да бар(аттарын атап, түстерін түстемей-ақ қоялық). Бірақ, біздің клубтардың жалақы мөлшерлері тіптен көп. Бəлкім, ойыншыларымыз қаржылық тəбеттері жоғары болған соң, одан айырылғысы келмейді ме, əлде басқа себеп бар ма, əйтеуір, қазақ ойыншыларын Еуропаның ортаңқол ұжымынан болсын, көру бізге қазір нағыз мұң…

Саламат ДУЛАТОВ

СІЗ пікір қалдыра аласыз, .

Оставить комментарий

*

Программы для Windows, лучшие CMS, шаблоны Фотошоп.