темы WordPress скачать; блог программистов; русский WordPress на wp-docs.ru.

«ПСЖ» пенальти тебу құқығын Неймарға әперу үшін Каваниге млн еуро ұсынды

«ПСЖ» президенті Нассер Әл-Хелаифи уругвайлық шабуылшы Эдинсон Каваниге пенальти тебу құқығын бразилиялық Неймарға беру үшін 1 млн еуро көлемінде қосымша бонус ұсынды, деп жазды El Pais. Ал Кавани ақша керек емес екенін және команданың штаттағы пенальтисі болуға еңбек сіңіргенін айтып, бұл ұсыныстан бас тартты.

Дереккөздің мәліметінше, Әл-Хелаифи сондай-ақ кеңесшілерін Неймарға жіберген. Олар Каванимен келіссөздер сәтсіз аяқталған жағдайда бразилиялықты пенальтист болудан бас тартуға көндіруі тиіс еді. Дегенмен бұл әңгіме бразиялықтың наразылығын туғызған көрінеді.

Француз 1-лигасының 6-турындағы «ПСЖ» -«Лион» (2:0) матчы кезінде Кавани мен Неймар пенальти мен айып соққысын орындауға бірнеше рет таласып қалды. Еуропалық БАҚ бразилиялық пен уругвайлық кездесуден кейін сөзге келіп қалғанын жазды. Сонымен қатар, Неймар «ПСЖ» басшылығынан Каваниді сатып жіберуді өтінген екен.

Baq.kz

СІЗ пікір қалдыра аласыз, .

Оставить комментарий

*

Программы для Windows, лучшие CMS, шаблоны Фотошоп.