темы WordPress скачать; блог программистов; русский WordPress на wp-docs.ru.

«Манчестер сити» рекорд жаңартуға бір қадам жақындады

Похожее изображение

Ағылшын премьер-лигасының кезекті 14-ші турында өз алаңында «Саутгемптонды» қабылдаған «Манчестер сити» 2:1 есебімен тізе бүктіріп, жеңісті жолын одан әрі жалғастырды. Маусым алдында трансферлік терезеде жаңа ойыншылармен толықтыру үшін жұмсаған шейх Мансурдың қаражаты өз нәтижесін беруде. Чемпиондар лигасының плей-офф кезеңінің жолдамасын елден бұрын иеленген «Манчестер сити» ішкі чемпионатта да жеңіліс дәмін татпай, турнирлік кестеде жеке дара көш бастап тұр. Кездесу алдында осындай қарқында келе жатқан ұжымның ортаңқол командалардың бірі болып саналатын «Саутгемптонды» жеңетініне футбол сүйер қауымның күмәні болмағаны анық. Десек те доп домалақ, сол себепті бұл жеңіс Гвардиоланың шәкірттеріне оңайлықпен келмеді. Допты өз бақылауында ұстап, көп шабуылдағанымен алаң иелері есепті тек ойынның екінші бөлігі басталғанда ғана ашты. Голдың авторы Де Брюйне атанды. Қорғаныстан көз ашпаған қонақтар арасында қарсы шабуылдар да ұйымдастырып тұрды. Осындай бір шабуылдардың бірінде Ромеу есепті теңестіріп кетті. Негізгі уақыт аяқталып, қосымша минуттар қосылған сәтте Стерлинг тоғыздықты тулатып кездесудің нүктесін қойды. Осымен 12-ші кездесу қатарынан жеңіп келе жатқан Гвардиола шәкірттері лондондық «Арсеналдың» 2002-ші жылы (14 кездесу) қойған рекордын жаңартудан алыс емес.

Руслан Мералиев

СІЗ пікір қалдыра аласыз, .

Оставить комментарий

*

Программы для Windows, лучшие CMS, шаблоны Фотошоп.