темы WordPress скачать; блог программистов; русский WordPress на wp-docs.ru.

Бапкерлер жақтырмағандар құрамасы

Жақында «Реал» сапында Чемпиондар лигасын төрт рет жеңіп алған Кәрім Бенземаның Франция құрамасына алынбағанынан бәріміз хабардармыз. Күні кеше Франция президенті Эммануель Макрон да осы жағдайға байланысты ойын білдірді.

«Мен құрама бапкері емес, Франция президентімін. Футболды жақсы көремін, өз ойымды білдіре аламын. Бәрібір командаға жауапты бір адам бар, ол – Дидье Дешам. Бапкерге сенемін. Бенземаның Испания Ла-лигасында және Чемпиондар лигасында тамаша өнер көрсетіп жүргенін ешкім жоққа шығармайды. Бірақ өте талантты деген ойыншының өзі командадағы атмосфераны бұзуы мүмкін» деді Макрон.

2015 жылы Бензема құрамадағы әріптесі Матье Вальбуенаға бопса жасады деп айыпталды. Вальбуенаның айтуынша, Бензема оның интимдік видеосын содырлар қолына беріп, ірі сомадағы ақша талап еткен.

Бензема сияқты жарақаттан емес, басқа түрлі себеппен биылғы чемпионаттан тыс қалғандардың символикалық құрамасы мынадай болар еді:

Қақпашы – Джо Харт (Англия).

Қорғаушылар – Давид Луис (Бразилия), Маркос Алонсо (Испания), Роман Нойштедтер (Ресей).

Жартылай қорғаушылар – Джек Уилшир (Англия), Сеск Фабрегас (Испания), Марио Гетце (Германия), Раджа Наингголан (Бельгия).

Шабуылшылар – Александер Ляказетт (Франция), Кәрім Бензема (Франция), Мауро Икарди (Аргентина). Қосалқы құрамға Алекс Сандроны (Бразилия), Альваро Мората, Хуан Мата және Педро Родригесті (Испания), Лерой Санені (Германия) тіркеуге болады.

Статспорт.кз

СІЗ пікір қалдыра аласыз, .

Оставить комментарий

*

Программы для Windows, лучшие CMS, шаблоны Фотошоп.