темы WordPress скачать; блог программистов; русский WordPress на wp-docs.ru.

«Қайрат» Еуропа лигасының алғашқы матчын жеңіспен бастады

Алматының «Қайрат» клубы Еуропа лигасының алғашқы ойынында сенімді жеңіске жетті.

«Қайрат» сырт алаңда андорралық «Энгордани» командасын 3:0 есебімен жеңді. Ойынның 5-ші минутында андорралық қорғаушы Вагнер өз қақпасына гол соғып, автогол авторы атанды. 25-ші минутта Эсеолаға қарсы айып бұзғаны үшін пенальти белгіленіп, Исламханнан нүктеден есепті еселей түсті. Кездесу соңында Эсеоланы алмастырған Мартон Эппель есепті 3:0-ге жеткізді.

«Энгордани» — «Қайрат» 0:3 (0:2)
Голдар:
 Вагнер (автогол) 5 (0:1), Исламхан пенальтиден 25 (0:2), Эппель 90+1 (0:3)
Ескертулер: Сульяй 25, Спано 63, Туре 88 — Әліп 48, Жуков 79
«Энгордани»: Кока, Вагнер (Сан-Николас 74), Сельяй, Рафаэл Бриту, Спано, Родригес, Поуса, Серра (Фильямонте 68), Гомес, Руис, Туре (Хуида 90)
«Қайрат»: Плотников, Бато, Суюмбаев, Алип, Исламхан (Жуков 73), Исаэль (Швырев 66), Соколенко, Эсеола (Эппель 58), Элек, Аршавин, Фелипе
Бас төреші: Айван Оруэл (Уэльс)
12 шілде. Андорра-ла-Велья. «Комуналь».

Қарымта кездесу 19 шілде күні Алматыда өтеді.

 

СІЗ пікір қалдыра аласыз, .

Оставить комментарий

*

Программы для Windows, лучшие CMS, шаблоны Фотошоп.