темы WordPress скачать; блог программистов; русский WordPress на wp-docs.ru.

«Астана»-Еуропаның үздік клубтарының бірі

Ел чемпиондарымыздың Чемпиондар лигасының екінші іріктеу кезеңіндегі қарсыласы Даниялық «Мидтьюлланд» командасы туралы азды-кем бар мағлұматтарды алға тартып, таныстырмақпын. «Мидтьюлланд» футбол командасы жергілікті Хернинг қаласының «Икаст» және «Хернинг Фремад» командаларының бірігуінен 1999 жылы құрылған. Команда ойынын жергілікті 1200 жанкүйерді құшағына сидыратын «МХС Аренада» өткізеді. Команданың президенті Расмус Анкерсен. Бас бапкері Йесс Торуп. Капитаны Якоб Поульсен. Команда негізінен тәжирибелі ойыншылармен қатар шет елдік дарынды жастардын басын қосатын ұжым.

Командадан қауіпті шабуылшы ретінде 24-жасар Нигериялық еңселі Пол Онуачуды айтсақ болар. «Мидтьюлланд» алғаш рет 2014-15 жылғы маусымда Данияның чемпиондық атағына қол жеткізген. Сол жылы Чемпиондар лигасында дебютін бастаған ұжым алдымен қиналмастан «Линкольнді»(Гибралтар) қос ойында 3:0 (2:0,1:0) есебімен ұтып, 3-ші іріктеу кезеніңде «Астана» командасының жанкүйерлеріне етене таныс Кипрлік «Апоэль» командасын сырт алаңдағы голдар санының есебінен (1:2, 1:0) есе жіберіп алған болатын. Есесіне Еуропа лигасының плей-офф кезеніңде Мане мен Вирджил Вандейгі бар ағылшындардын «Саутгемптонын» қос ойында 1:0,1:1 сенсациялық есепте жеңіске, жетіп топтық турнирден бірақ шыққан етін.

Және шығып ғана қоймай «Брюгге» мен «Легияны» артқа тастап, тек алдыға «Наполиді» жіберіп екінші орынмен көктемгі плей-офф ойындарына жолдама алған еді. Өз тарихтарын жазған Даниялық ұжым 1/16 финалда өз алаңында Ағылшындардын әйгілі командасы «Мюді» 2:1 есебімен ұтып сенсация жссаған еді, алайда қарымта ойында ешкім танымайтын 18-жасар Маркус Рэшфордтын дебютті ойынында бағы жанып, қос доп соғып ашулы «Мю» 5:1 есебімен қарсыласын талқандап «Мидтьюлландтын» ертегісіне нүктесін қойған етін. Мінекей «Мидтьюлланд» командасының еурокубоктағы әзірге үлкен жетістігі осындай .

Келер маусымдарда екі мәрте Еуропа лигасында бағын сынаған Даниялық ұжым, топтық турнирге бір елі жетпей, плей-офф кезеңдерінде Түркияның «Османлыспор» (0:1,0:2) Кипрдің «Аполлон» (1:1,2:3) командаларына есе жіберіп жүрді. Өткен маусымда екінші мәрте Данияның чемпиондық атағына қол жеткізген «Мидтьюлланд» биыл екінші мәрте Чемпиондар лигасының екінші іріктеу кезеңінде, біздің чемпиондармен жолдамаға таласпақ. Өздеріңіз мақаладан оқығандай «Мидтьюлланд» «Астана» секілді соңғы жылдары еуропада абыройлы ұжымға айналған тәжірибелі команда. Демек бізді нағыз қос ойыннан тұратын тартысты ойын күтіп тұр. Алғашқы ойын 24-шілде күні «Астана Аренада» жергілікті уақытта 20:00 басталса, қарымта ойын 1-тамыз күні түзде өтеді.

Арман Серікұлы

СІЗ пікір қалдыра аласыз, .

1 комментарий к записи “«Астана»-Еуропаның үздік клубтарының бірі”

  1. babur:

    biltirgi legiyamen oinagandai oinau kerek… birak ote kiyin sopernik… minalardi utsak dinamo zagreb keletin shigar.. dinamo zagrepka karaganda daniyaliktardin mikti siakti


Оставить комментарий

*

Программы для Windows, лучшие CMS, шаблоны Фотошоп.