"Ақтөбенің" бапкері Талдықорғандағы төрешілікке өкпелі

Мұқашұлы Мұрат
Мұқашұлы Мұрат
Бас редактор
29.04.2024, 09:23

Кеше ҚПЛ-дің 6-туры аясында "Жетісу" мен "Ақтөбе" жолығып, кездесу алаң иелерінің жеңісімен аяқталған еді.

"Ақтөбенің" бапкері Талдықорғандағы төрешілікке өкпелі
Дмитрий Парфенов "Ақтөбе" ФК бас бапкері

Матч соңында "Ақтөбенің" бас бапкері Дмитрий Парфенов өз ойын айтып, төрешілердің жұмысына байланысты өкпе-назын да жеткізді: 

-- Қарсыластың жеңіске деген құштарлығы басым болды. Тіпті, ойын барысында ес жиып, еңсе тіктеген едік. Маған салсаңыз, екінші таймда ойын тізгінін ұстап, допты тартып алдық, голды да салған болатынбыз... Ал, пенальтиге келер болсақ, комментарий керек емес шығар. Комиссия бар ғой, тексере жатар. Бірақ бұған көңіліміз тола ма, адамның аяғында (футболшының аяғында, редакция) бутсыдың іздері сайрап тұр. Ойынның басы мүлде ұнаған жоқ, біздің қалай бастағанымыз. Ал былай енді бұл кездесудің қиын болғаны түсінікті. Екінші гол кірген сәтте сәл босаңсу болды, әйтпесе, бұл алыстан берілген қарапайым пас еді ғой. 

Голдар: Антон Шрамченко 19, Асхат Балтабеков 70 – Матео Барач 50

Ескертулер: Леонель Струмия 37, Идрис Умаев 61

«Жетісу»: Арсен Сиукаев (В) – Асхат Балтабеков, ​​Чарльстон Сильва, Гиа Чадунели – Виктор Брага, Мейрамбек Қалмырза (Нұрлан Даиров 84), Цотне Мосиашвили (Дінмұхамед Қараман 90+5), Серікжан Мужиков (Равиль Атыханов 90+5), Антон Шрамченко (Данияр Үсенов 84) – Әділхан Добай, Абылайхан Жұмабек (Максим Чиканчи 66);

Қосалқы құрам: Санжар Ерниязов (В), Орест Костык  (В) – Рауан Орынбасар, Ескендір Қыбырай, Эливелтон –  – Алияр Мухамед;

Бас бапкер: Қайрат Нұрдәулетов.

«Ақтөбе»: Игорь Шацкий  (В) – Дмитрий Бессмертный, Әлібек Қасым, Матео Барач, Богдан Вэтэжелу – Леонель Струмия (Хосе Севальос 72), Уче Агбо, Бауыржан Байтана (Габи Кики 72) – Максим Самородов, Идрис Умаев (Жан Жайро 72), Дорни Ромеро (Рамазан Оразов 58);

Қосалқы құрам: Игорь Трофимец (В) – Арман Кенесов, Мирас Уманиязов, ​​Амаду Думбия

Айта кетейік, Талдықорғандық команда осы жеңісінің арқасында үздік үштікке енді. "Жетісу" қазір турнирлік кестеде "Ақтөбе" мен "Астанадан" кейін тұр. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 4
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×