Анри: Беллингем Зиданның ізбасары

Мұқашұлы Мұрат
Мұқашұлы Мұрат
Бас редактор
05.03.2024, 18:18

Тьери Анри "Реалдың" футболшысы Джуд Беллингемнің шеберлігіне жоғары бағасын берді. "Арсенал" мен "Барселонаның" бұрынғы футболшысының пікірінше, англиялық шабуылдаушы жартылай қорғаушы Мадридтік клубтағы Зинедин Зиданның із басары екен. 

Анри: Беллингем Зиданның ізбасары

"Англияда футболшыларға жеңіл. Испанида оларға көрсетілетін қысым Англиядан көрі әлдеқайда жоғары. Испанияда футболшыларға артылатын сенім де өзгеше. Осының бәрін жеңе алатын қасиеті Беллингемді басқалардан бөлектеп тұрады. Зинедин Зиданның нөмірін алдың ба? Ал одан кейін осылай ойнап, тойлайсың ба? Сен жарап тұрсың, досым"- деп мақтады Анри Англия құрамасының футболшысын.
Етеріңізге сала кетейік, Беллингем осы маусымда барлық турнирдегі 30 ойында 20 гол салған. Футболшының" Реалмен" арадағы келісімшарты 2029 жылдың жазына дейін. Джуд Беллингемнің нарықтағы бағасы 180 млн еуро.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 8
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×