Бақтиер “Бешикташтан” кетуі мүмкін

20.03.2024, 21:59

Қазақстан ұлттық құрамасының жартылай қорғаушысы алдағы жазғы трансферлік ауысымда “Бешикташ” клубынан кетуі әбден мүмкін, деп жазады Аладоп.кз. 

Бақтиер “Бешикташтан” кетуі мүмкін

Соңғы кездері ойынды қосалқы құрамда бастап жүрген жартылай қорғаушы Ыстамбұлдық ұжымның сенімінен шығып кеткендей көрінеді. Футболшының агенті осы бір жағдайларды мысалға ала отырып, Бақтиерды жаз маусымда басқа командаға орнықтырып беруді мақсат етуде екен. 

Қазірдің өзінде Зайнутдиновқа РПЛ бірқатар клубтары қызығушылық білдіріп отырған жайы бар.

Бақтиер “Бешикташ” сапында 2023 жылдың тамыз айынан бері өнер көрсетіп келеді. Оның “қырандардағы” келісімшарты 2027 жылға дейін жарамды.

Жалпы алғанда Зайнутдинов “Бешикташ” үшін барлығы 34 ойын өткізіп, 1 гол соқты. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 20
Ұнамайды 9
Күлкілі 0
Масқара 23
Серіктес жаңалықтары
×