"Бешикташ" Зайнутдиновты сатпақшы

Мұқашұлы Мұрат
Мұқашұлы Мұрат
Бас редактор
08.05.2024, 07:06

"Sabah" басылымының мәліметіне сенсек, "Бешикташ" 11 ойыншымен қош айтысуды жоспарлап отыр

"Бешикташ" Зайнутдиновты сатпақшы
Бахтиер Зайнутдинов "Бешикташ" сапында

Оның ішінде Қазақстан құрамасының жартылай қорғаушысы Бахтиер Зайнутдинов та бар делінген. Жаңа маусымға мықты бапкер мен жаңа футболшыларды алуды ойға алған Стамбулдық клуб Зайнутдиновтан бөлек тағы Абубакар, Мулека, Ребич, Окслейда-Чемберлен, Онана, Розье, Монтеров пен Хасич сынды ойыншыларды сатуды көздеп отыр. Сондай-ақ басылымда дәл осы футболшылардың клуб сенімін ақтай алмағандығы да айтылған. 

Естеріңізде болса, Бахтиер Зайнутдинов былтыр жазда "ЦСКАДАН" "Бешикташқа" ауысқан болатын. Қазір Стамбулдық клуб Түрік Суперлигасының турнирлік кестесінде 5-ші сатыда тұр.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 2
Серіктес жаңалықтары
×