Чондрич “Астананың” топ-6 қақпашыларының қатарына кірді

09.03.2024, 22:24

30 жастағы хорватиялық ойыншы Йосип Чондрич “Астана” командасының қақпашылары арасында ең көп ойын өткізген голкиперлер тізіміне енді, деп жазады Аладоп.кз.

Чондрич “Астананың” топ-6 қақпашыларының қатарына кірді

“Астана” командасының рекордсмен-қақпашылары:

  1. Ненад Эрич - 227 ойын, 196 гол жіберді
  2. Александр Мокин - 44 ойын, 27 гол жіберді
  3. Александр Заруцкий - 25 ойын, 19 гол жіберді
  4. Роман Герус - 23 ойын, 21 гол жіберді
  5. Дмитрий Непогодов - 23 ойын, 25 гол жіберді
  6. Йосип Чондрич - 21 ойын, 17 гол жіберді
  7. Владимир Логиновский - 20 ойын, 18 гол жіберді

Жалпы Чондрич  “Астана” сапындағы дебюттық кездесуін 2023 жылдың 4 наурызында “Шахтерге” қарсы өткізген болатын (2:1). Елордалық ұжымға хорватиялық “Зриньский” клубынан ауысып келген еді. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 1
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×