Деку "Барселонаның" биылғы сәтсіздігінің себебін айтты

Мұқашұлы Мұрат
Мұқашұлы Мұрат
Бас редактор
01.03.2024, 11:23

"Барселонаның" спорттық директоры Деку каталондықтардың осы маусымы жайлы ойын ортаға салды. Португалиялық маманның айтуынша, биылғы сәтсіз ойын командадағы ауыс-түйістермен байланысты болуда. 

Деку "Барселонаның" биылғы сәтсіздігінің себебін айтты

"Біздің бапкерлік құрам өте керемет. Алайда, осы жазда командадан Усман Дембеле сияқты сапалы футболшы кетіп қалды. Серхио Бускетс секілді маңызды ойыншы да қатарда жоқ. Испания чемпионатында топ жарған футболшылардың дені командада қалды, бірақ өзге клубтар да қарап отырған жоқ. Олар да күшейіп жатыр,- деген болатын ардагер футболшы. 

Естеріңізге салсақ," Барселона" қазір 57 ұпаймен үшінші сатыда келеді. Көш басындағы "Реалдан" сегіз ұпайы кем. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 2
Ұнамайды 0
Күлкілі 1
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×