Эрик Шупо-Мотинг "Барселонаға" ауысуы мүмкін

Мұқашұлы Мұрат
Мұқашұлы Мұрат
Бас редактор
09.03.2024, 11:37

Каталондық команда осы жазда "Бавариямен" келісімшарты бітетін шабуылшы Эрик Шупо-Мотингті "еркін агент" ретінде алуға мүдделі. Бірақ, камерундық форвардқа қызығушылық танытқандардың арасында "Барселона" жалғыз емес екен. 

Эрик Шупо-Мотинг "Барселонаға" ауысуы мүмкін

Мюнхендік клубтың шабуылшысын өзінің қатарында АПЛ, А сериясы мен Сауд Арабиясының бірқатар командалары да көргісі келеді дейтін ақпарат бар. Айта кетейік, Шупо-Мотинг "Баварияға" 2020 жылы "еркін агент" ретінде "ПСЖ" дан ауысқан еді. Осы маусымда камерундық футболшы 27 матчқа қатысып, 3 гол салған және 3 дәл пас берген. "Transfermarkt" порталына сенсек, шабуылшының нарықтағы бағасы 3 млн еуро. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 4
Ұнамайды 2
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×