Ермұхамед Мәулен үздік комментатор

Мұқашұлы Мұрат
Мұқашұлы Мұрат
Бас редактор
29.03.2024, 10:08

Кеше Metaratings Top Awards спорттық премиясының жеңімпаздары анықталып, марапатталды. 

Ермұхамед Мәулен үздік комментатор

Барлығы 24 номинация бойынша үздік шыққандар арасында біздің әріптесіміз Ермұхамед Мәуленнің де барын мақтанышпен жеткіземіз. Отандық футболдың мәселелі тұстарына қалам тербеп, қоғамдық пікір тудырып жүрген журналис марапаттау рәсімінен кейін өзінің әлеуметтік желісінде, - "Масқара, ұят болды. “МетаРейтингз” порталы “Үздік комментатор” марапатын қосыпты. Содан түк интрига болмай, оны мен жеңдім. Түсінікті жағдай болған соң ешкім таңқалмады да тегі. Кеш жүргізушілері біртүрлі боп қалды әлгі жерде", деген әзіл жазба қалдырыпты. 
Айта кетейік, Е. Мәулен Әлем, Еуропа біріншіліктерінен тікелей эфирде репортаж жүргізген тұңғыш қазақ комментаторы. Еңбек жолын “Спорт айдыны" газетінен бастап әр жылдары түрлі басылымдар мен телеарналарда қажырлы қызмет атқарған. "Аладоп.кз" сайтын ашып, Отандық спорттың, оның ішінде, әсіресе қазақ футболын дамытуды көздеген біраз жобаларға ұйытқы болды. Қазақстан Футбол федерациясының баспасөз-қызметіне жетекшілік ете жүріп, Ұлттық құрамадағы жаңалықтардың жаршысына айналды. Қазақстан футболындағы қазақ тілінің жанашырына айналған танымал комментатордың Ұлттық құрама мен Қазақстандық клубтар туралы бейнерепортаждары көрерменнің көзайымына айналған.   

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 6
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×