Еуро-2020 қарсаңында: Е тобы

08.06.2021, 07:55
Бұл топта Испанияның бәсі жоғары.
Еуро-2020 қарсаңында: Е тобы

Еуропа чемпионаты. Топтық кезең. Е тобы. Испания, Польша, Швеция, Словакия.

Бұл топтан Испания құрамасының шығу көрсеткіші жоғары. Енді осы құрамалар жайлы қысқа сипаттап кетсек.

Жетістіктері, үздік ойыншылары, үлкен додалардағы нәтижелері қандай?

Испания. 1920 жылы өздерінің ең алғашқы ойнында Дания құрамасынан 1-0 есебімен басым түсті. Ең ірі жеңісі 1933 жылы Болгария құрамасымен ойнында тіркелді. Есеп 13-0. Ал өздері 1928, 1931 жылдары ірі есеппен ұтылды. Алғашқысы Италияға 7-1, келесісінде Англияға 7-1 есептерімен жол берді.

Испандықтар 14 әлем чемпионатына қатыстып, 2010 жылғысын ұтты. Еуропалық бәсекеде 10 рет бақ сынап, үш мәрте чемпиондар тұғырынан көрінді. (1964, 2008, 2012)

Польша.

1921 жыл Венгрия - Польша 1-0. Бұл ең алғашқы ойындары еді. Ал поляктар Сан-Марино құрамасын 2009 жылы жауапсыз 10 голмен жеңді. Ең үлкен жеңістері осы. 1948 жылы Даниядан ойсырай ұтылды. Нәтиже 8-0.

Польша құрамасы әлемдік доп додасына 7 мәрте қатысты. 1974 және 1982 жылы үшінші тұғырдан көрінді. Еуро бәсекелерінде осыған дейін 3 рет бақ сынады. Бірақ, жүлделі орындар көріне алмады.

Швеция. 1908 жылы Норвегия құрамасын 11-3 есебімен ұтып, ең алғашқы ойындарын тіркеді. Латвия, Кореямен болған ойындар ең ірі жеңістері болып тіркелді. Екі құраманы да 12-0 есебімен жеңді. Ол 1927, 1948 жылдар еді. Ең үлкен есеппен ұтылған ойыны 1908 жылы Ұлыбританиядан 12-1 есебі.

Шведтер әлем чемпионатына 12 мәрте қатысты. 1958 жылғысында финалда сүрінді. Осы ең жоғарғы көрсеткіштері. 6 мәрте еуропалық басты ала доп сынын да бақ сынайтын болады. Жетістіктері 1992 жылы жартылай финалға жетіп жығылды.

Словакия. Бұл ел тәуелсіз Словакия ретінде алғаш ойындарын 1994 жылы БАӘ қарсы өткізіп, 1-0 қылып жеңді.

Ең ірі жеңістері:

Словакия - Лихтенштейн 7-0, 2004 жыл.

Словакия - Сан-Марино 7-0, 2007 жыл.

Словакия - Сан-Марино 7-0, 2009 жыл.

Ал, ірі жеңілісі 1995 жыл, 2017 жыл тіркелді.

Аргентина - Словакия 6-0,

Швеция - Словакия 6-0.

Әлем чемпионатында бір мәрте ғана бой көрсетті.(2010)

Биыл еуропа чемпионатына екінші мәрте қатысқалы отыр.

Осы құрамалардың үздік көрсеткіш иегерлері:

Испания құрамасында ең көп ойын өткізген ойыншы Серхио Рамос. Еншісінде 180 ойын. Бірақ, бұл додаға шақырту алмады.

Давид Вилья, үздік сұрмергені. Ұлттық құрамада жүріп қанжығасын 59 голмен майлаған.

9k=

Польша құрамасында көп ойынға қатысқан және ең үздік сұрмергені де Роберт Левандовский ол, 114 ойынға қатысқан, қарсыластар қақпасын 63 мәрте дәл көздеген. Бұл көрсеткіштер әлі де өсе түспек. Себебі, ойыншы әлі ұлттық құрамада.

Z

Швеция. Андерс Свенссон. 148 ойын. Шведтер үшін алаңға ең көп шыққан ойыншы.

62 гол. Златан Ибрагимович осы голдарымен құрама сүрмергені. Бұл ойыншы карерасын тоқтатпағанымен, ұлттық құрамаға шақыртылмады.

Z

Словакия құрамасының үздігі Марек Гамшик. 126 ойын, 26 гол.

2Q==

Енді осы құрамаларды Еуро-2020 мына бапкерлерді бастап келеді. Луис Энрике (Испания), Паулу Соуза (Поььша), Янне Андерссон (Швеция), Штефан Таркович (Словакия).

2Q==

Міне, осы құрамалар Еуро-2020 додасының топтық кезеңінің көркін қыздыратын болады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×