Футболдан Қазақстан Әкімдер чемпионаты

14.04.2021, 02:35
Әкім де футболшы.
Футболдан Қазақстан Әкімдер чемпионаты

"Қазақстан футболы" - деген үлкен бір таңды-таңға ұрып жырлайтын дастан бар. Бұл дастан ала доп айналасында өрбейтіні түсінікті. Бірақ, бұл елдің футболын Әкімдер ойнайды. Бұрын соңды естімеген боларсыз. Міне, қызық дерсіз. Ары қарайғысы тіптен таңқаларлық. Әкімдер қалай футбол ойнайды? Қызығы осында. Әрмен қарай тыңдаңыз.

Әр жылы керемет жарнамамен, асыға күттіретін Қазақстанда футбол маусымы да шымылдығын түреді. Елді елең еткізер керемет ойыншылар алдық, биылдыққа мақсатымыз осындай дейтін, бұл осы қаланың командасы ма деп қалатын ақпараттар береді. Ойындар басталып, матчтар өз кезегімен өрбіп жатады. Сіз Әкімді іздеп отырған боларсыз. Иә, ол кісіде ойында. Бірақ, көріне бермейді. Мүмкін, жарақат алып қалған болар, яки, Еуропа клубтарының оқу жаттығуларына шақырту алған, сол жақта. Тіпті ешқайда бармай-ақ, тек ақша алып қана отыратын ойыншы. Неге Әкімдер чемпионаты? Себебі, қатысушы барлық командаларда бір-бірден дәл осындай ойыншы бар. Барлығында бірдей. Айтпақшы, тек бір клубта ғана ондай ойыншы өнер көрсетпейді.

Тиісінше осы команда әкімдердің чемпионатын жеңіп кетуі бек мүмкін. Осы тұста сол ойыншыны сипаттап берейін. Әкімов Әкім. Бұл ойыншының барлығына сөзі жүреді, жаттықтырушының өзі аяқ тартады. Әкімовтың ойыны ұнамағанын айтса қуылып кетеді. Тіптен команда бюджетімен айналысатындардың білімі төмен болуы керек, осы ойыншы есепке көмектеседі. Мінеки, осындай бір ғажап ойыншы. Дегенмен, кейбір клубтардағы Әкім жап-жақсақ ойнап қояды.

2021 жылдың да Әкімдер чемпионаты басталып кетті. Басы жаман емес. Тамаша деседе болады. Әрине, кей Әкім ойынға қатты алаңдаймын деп, есебінен шатасып кеткені байқалады. Көрейік, соңы немен аяқталар екен. Өз командаңыздағы Әкімнің бағасын өзіңіз берерсіз. Маусымға сәттілік!

Серікбол Нақысбек

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×