Гректер Қазақстан құрамасына тосын сый дайындауда

Мұқашұлы Мұрат
Мұқашұлы Мұрат
Бас редактор
07.03.2024, 12:45

Грекия Ұлттық құрама командасының бас бапкері Густаво Пойет Қазақстанмен өтетін матчқа ерекше дайындық жүргізіп жатыр. Мәселен, Пойеттің өтінішімен Қазақстанмен болатын ойынға байланысты Грекия Суперлигасындағы плей-офф кезеңінің екінші туры кейінге шегеріліпті.

Гректер Қазақстан құрамасына тосын сый дайындауда

Магомед Адиевтің визавиі іріктеу мачты алдында Германияда жүр деген ақпарат бар. Нақтырақ айтсақ, Густаво Пойет «Фортуна» сапында доп тебетін Христос Цолистің өнерін тамашаламақ. Грекияның бас бапкері Қазақстанмен болатын бәсекеге жартылай қорғаушыны да шақыруды жоспарлап отыр. Эллиндік жанкүйерлер осы маусымда «Фортуна» қатарында жасындай жарқылдаған Христос Цолиске зор үміт артады. 22 жастағы жартылай қорғаушы 21 ойында 13 гол салған. Сондай-ақ, Грекия құрамасының бапкерінің Ұлттық құрама команда футболшылары үшін жайлы алаң іздеп жүргендігі де белгілі болды.

Айта кетейік, Грекия мен Қазақстан құрамалары 2024 жылдың 21 наурызында Ұлттар лигасының плей-офф кезеңінің жартылай финалдық кезеңінде ойнайды. Қай жеңгені Грузия-Люксембург жұбында басым түскен командамен Германияда өтетін Еуропа чемпионатының жолдамасына таласады.   

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 23
Ұнамайды 6
Күлкілі 4
Масқара 4
Серіктес жаңалықтары
×