Григорий Бабаян "Астананың" негізгі екі кедергісін атады

Мұқашұлы Мұрат
Мұқашұлы Мұрат
Бас редактор
05.05.2024, 14:06

"Астана" ФК бас бапкері Григорий Бабаян кеше ҚПЛ-дің 7-туры аясында "Ақтөбеге" қарсы өткен матч соңында өз ойымен бөлісті

Григорий Бабаян "Астананың" негізгі екі кедергісін атады
"Астана" ФК бас бапкері Григорий Бабаян

"Ең бірінші кезекте бізге қауіпті сәттерден нәтиже шығара алмауымыз бен өз алаңымыз жетіспей жүр. Біз барлығымыз осы жылы  "Астана-Аренада" өнер көрсетудің сәті түседі деп үміттенеміз.    Үйіңнен, жанкүйерлеріңнен жырақта ойнау қиын",- деген болатын Григорий Бабаян.

Айта кетейік, жетінші турда "Астана" сырт алаңда "Ақтөбемен" жолығып, тең тарқасты. Бірінші таймда елордалықтар сапынан Исламбек Қуат көзге түссе, 77-минутта Идрис Умаев таразы басын теңестірді. Сонымен, жеті турдан кейін қос ұжым 11 ұпаймен екінші және үшінші орындарға қатар жайғасқан. Көш басында - "Тобыл".

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×