Қаратау қаласында жаңа команда құрылды

29.03.2024, 21:55

Жамбыл облысында құрылған "Талас" ұжымы биыл Екінші лигада өнер көрсетуге ұсыныс тастамақ ниетте, деп жазады Аладоп.кз.

Қаратау қаласында жаңа команда құрылды

Жас ойыншылардан құралған клуб тәжірибесін жетілдіру мақсатында тұрақты түрде басқа командаларға қарсы ойындар өткізуде. Соңғы рет “Талас” Шымкентте “Ордабасы-Ж” 1:0 есебімен тізе бүктірді. Ұжым Екінші лигада ойнауға рұқсат алса, онда оны Талдықорған тумасы 2022-2024 жыл аралығында “Мақтаарал” футбол орталығының басшысы болған Айдос Жеңісұлы баптайтын болады. 

Жаңадан құрылған ұжым Қаратау қаласында жүрген жас аяқдопшылардың кәсіби футболдағы жолын ашпақ. Онымен қоса, Жамбыл өңірінің намысын ішкі біріншіліктерде қорғап жатқан командалар арасындағы бәсекелестікті туғызбақ. Сол арқылы өзіндік тәжірибесін шыңдамақ. 

“Талас” ұжымда болып жатқан жаңалықтармен бөлісіп отыру үшін арнайы инстаграм парақшасын ашты. Онда сіз команда ойыншыларымен танысып, олардың дайындығынан хабардар бола аласыз. 

https://www.instagram.com/fc.talas_?igsh=MzRlODBiNWFlZA==

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 28
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0

Тегтер:

футбол
Серіктес жаңалықтары
×