Қазақстан Кубогының 2024 финалы қай қалада өтетіні белгілі болды

10.03.2024, 17:51

Жаңа маусымдағы Қазақстан Кубогының шешуші матчын “Ақтөбе” қаласы қабылдайтын болды, деп жазады Аладоп.кз.

Қазақстан Кубогының 2024 финалы қай қалада өтетіні белгілі болды

Бұған дейінгі Кубоктың финалдық кездесулері “Астана Арена” стадионында  ойнатылып келген еді. Елордада бой көтерген 30 мыңдық стадион 12 рет аталмыш турнирдің финалын қабылдады. 

Соңғы рет Қазақстан Кубогының финалы Ақтөбеде 2017 жылы өткізілген болатын. Ол кездегі жүлдені “Қайрат” пен “Атырау” өздері арасында сарапқа салған еді. 

Ақтөбе қаласының "Қобыланды батыр” атындағы стадионы 13 мың адамды құшақ жая қарсы ала алады. Мұнда сол 2017 жылдағы Қазақстан Кубогынен басқа ірі турнирлердің финалдық ойыны өтпеген.

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 9
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×