Қазақстан мен Түркменстан – 30 жылдан кейінгі кездесу

Мұқашұлы Мұрат
Мұқашұлы Мұрат
Бас редактор
14.03.2024, 11:20

Бүгін Қазақстан мен Түркменстан құрама командалары жолдастық кездесу өткізеді. Магомед Адиев Грекия алдындағы соңғы дайындықты пысықтамақ.

Қазақстан мен Түркменстан – 30 жылдан кейінгі кездесу

Бұл қос құраманың 30 жылдан бергі бірінші кездесуі. Қазақстан жеке команда ретіндегі алғашқы ресми бәсекесін дәл осы Түркменстанмен өткізген екен. 1992 жылы маусымда Алматыда болған бәсекеде алаң иелері 1:0 есебімен жеңіске жеткен. Бәсекедегі жалғыз голдың авторы Владимир Нидергаус болатын. Үш айдан кейін Қазақстан-Түркменстан Ашхабадта қайта жолықты. Қарымта ойында қарсыластар тең түскен (1:1) болатын. Біздің құраманың қатарындағы нәтижелі соққының авторы Асқар Әбілдаев. Ал қос құрама арасындағы соңғы жолдастық кездесу 1994 жылы Ташкентте болған. Ол матчта да жеңімпаз анықталған жоқ. Есеп – 0:0. Ал жалпы қос құрама өзара 3 рет жолықты. Бір кездесу Қазақстанның жеңісімен аяқталса, екеуінде тең нәтиже тіркелген. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 24
Ұнамайды 1
Күлкілі 2
Масқара 5
Серіктес жаңалықтары
×