Қазақстан Әзербайжан құрамасына қарсы жолдастық кездесу өткізетін болды

06.05.2024, 21:44

Магомед Адиев баптайтын ел командасы жаз айында Әзербайжанға қарсы тұрмақ.

Қазақстан Әзербайжан құрамасына қарсы жолдастық кездесу өткізетін болды

Қос команда ойыны 11 маусымға жоспарланған. Кездесу Мажарстанда, Сомбатхей қаласындағы “Халадаш” стадионында болады. 

Матч қазақстандық уақытпен сағат 21:00-де өтеді деп жоспарланған. 

Жалпы Қазақстан Әзербайжан жігіттерімен 8 рет кездескен. Соның 4 ел құрамасының асығы алшысынан түссе, 2 қарсыласқа сәттілік жолдас болды. Қалған екі ойында қос ұжым тең тарқасты. 

 

 

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 1
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×