Қазақстандық шабуылшы өнер көрсететін еуропалық ұжым қатарынан екінші жеңісіне қол жеткізді

04.05.2024, 21:25

Құрамында Оралхан Өміртаев бар “Слуцк" командасы белорус жоғарғы лигасының 7-турында Мозырь қаласының "Славия" ұжымымен кездесіп, минималды есеппен жеңді (1:0).

Қазақстандық шабуылшы өнер көрсететін еуропалық ұжым қатарынан екінші жеңісіне қол жеткізді

Слуцк қаласының намысын қорғайтын ұжым Вадим Курловичтің 72 минутта соққан жалғыз голының арқасында кезекті 3 ұпайына қол жеткізді. Бұған дейін, белорус ұжымы солгорскілік “Шахтерден” айласын асырған болатын (1:2). 

Отандасымыз Оралхан Өміртаев ойынды бастапқы құрамда бастап, кездесудің 62 минутында өз орнын командаласына босатты. 

Айта кетейік, 25 жастағы футболшы Беларус чемпионатында 7 ойын өткізіп, 1 гол соқты. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×