Кейлор Навас маусым аяқталысымен басқа клубқа ауысуы мүмкін

16.03.2024, 15:26

37 жастағы қақпашы Кейлор Навас “ПСЖ” командасындағы келісім шартын ұзартпайтын болды, деп жазады Аладоп.кз.

Кейлор Навас маусым аяқталысымен басқа клубқа ауысуы мүмкін

Футболшының қазіргі келісім шарты 2024 жылдың жазына дейін жарамды.

Навастың қысқы трансферлік ауысымда басқа клубтарға кетуіне мүмкіндік болған еді. Алайда қақпашы ойлана келіп, “ПСЖ” қала беруді жөн көрді. 

Кейлор париждік ұжымға 2019 жылы “Реал Мадридтен” ауысып келді. Содан бері ол француздық командада барлығы 112 ойын өткізіп, соның 51 өз қақпасын құрғақ ұстады.

Навас “ПСЖ” командасының бастапқы құрамдағы орнын Джиджи Доннарумма келісімен жоғалтып алды. Осы маусымда аяқдопшы барлық турнирлерді қосқанда, небәрі 4 кездесу өткізді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 1
Күлкілі 0
Масқара 1

Тегтер:

футбол ПСЖ
Серіктес жаңалықтары
×