Хави: «Барселона» мен «Наполидің» мүмкіндігі 50 де 50

Мұқашұлы Мұрат
Мұқашұлы Мұрат
Бас редактор
21.02.2024, 11:04

Каталондық команданың бас бапкері Хави Эрнандес Чемпиондар лигасының 8/1 финалдық кездесуінің алдында мәлімдеме жасады.

Хави: «Барселона» мен «Наполидің» мүмкіндігі 50 де 50

Барсаның бапкері «Наполиге» құрмет көрсеткен болатын. Маңызды матч алдындағы баспасөз-мәслихатында Хави: - Бізде басымдық бар деп есептемеймін. Мүмкіндіктерімізді 50 де 50 деп бағалаймын. Мықтылығымызды алаңда дәлелдеу керек» - деген еді.

Айта кетейік, «Барселона» Неапольде «Наполимен» жолығып, қарымта кездесудің алдында жақсы нәтижеге жетуге тырысып көреді. Бұл кездесуді бүгін сағат 01-50-де Ұлттық арнадан тамашалай аласыздар. Тартымды матчты жүргізетін комментаторлар Ермұхамед Мәулен мен Олжас Байбосынов.      

     

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×