“Қыранға” қайтадан техникалық жеңіліс жазылды

Шымкенттік “Қыран” ФК сырт алаңдардағы ойындарға келе алмағаны үшін ҚФФ тәртіптік-бақылау коммисиясы тарапынан жазаға ілікті. 

“Қыранға” қайтадан техникалық жеңіліс жазылды

14 мамыр күні арнайы жиын өткізген комитет “Қыран” ФК SD Family қарсы ойынға келмегені үшін 150 АЕК бойынша айыппұл салды. Онымен қоса, шымкенттік ұжым қарсыласының матчты ұйымдастыруға кеткен шығының өтеп беруі тиіс. 

SD Family мен “Қыран” арасындағы ойын 2 мамыр күні өткізілуі тиіс болатын. 

Айта кетейік, бұның алдындада “Қыран” “Екібастұзға” қарсы кездесуге келмей техникалық жеңіліске ұшыраған болатын. 

17 мамыр күні Бірінші лига ұжымы “Қайрат 2” командасымен бақ сынасу керек. Алайда шымкенттік команда Алматыға әлі жетпеген. Клуб басшылығы бұл жағдайды түсіндіруге асығар емес. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

футбол
Aladop Youtube
×