"Ливерпуль" Хаби Алонсомен келіссөздерді бастады

Мұқашұлы Мұрат
Мұқашұлы Мұрат
Бас редактор
23.02.2024, 09:32

Дәлірек, мерсисайдтық клубтың басшылығы испаниялық бапкердің өкілдерімен кездесіпті. Қос тарап болашақтағы әріптестестік туралы талқылаған көрінеді. 

"Ливерпуль" Хаби Алонсомен келіссөздерді бастады

Естеріңізде болса, Юрген Клоп маусымның соңында орнын босататынын мәлімдеген. Осыдан кейін іле-шала "Ливерпульге" Хаби Алонсо келеді деген ақпарат тарап кетті. Испаниялық жаттықтырушы әзірше бундеслигадағы басты кейіпкер болып тұр. Алонсо неміс біріншілігінде "Байермен" көш бастап келеді. Леверкузендік командаға испаниялық маман 2022 жылы тағайындалған. Содан бері "Байерді" ортаңқол деңгейден топ-клуб дәрежесіне сүйреп келеді. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×