Магомед Адиев: “Ертеңгі кездесуде мен құрамды өзгертемін”

26.03.2024, 00:42

Қазақстан құрамасының бас бапкері Магомед Адиев Люксембургке қарсы ойын-алды баспасөз конференциясына қатысып, ертеңгі ойынға деген жоспарымен бөлісті. Онымен қоса, құрамда қандай өзгеріс болатынын айтып өтті. 

Магомед Адиев: “Ертеңгі кездесуде мен құрамды өзгертемін”

“Грекияға қарсы ойын бізге оңай соқпағаны анық. Ертеңгі кездесуде мен құрамды өзгертемін. Жаңа есімдердің өзін көрсетуіне мүмкіндік беремін. Қақпашыларға келсек. Шацкийді алмастырудың қажеті шамалы деп ойлаймын. Игорьде қазір барлығы дұрыс. Физикалық және психологиялық тұрғыдан ойыншы Люксембурге қарсы матчқа дайын. Бір ойында 5 гол жіберу қандай болмасын қақпашының көңіл-күйіне үлкен сызат түсіреді. Алайда біз Шацкийдің бойынан ондай алаңдаушылық белгілерін анықтай алған жоқпыз”. 

Еске салайық, наурыздың 26-нан 27 қараған түні Қазақстан құрамасы Люксембургке қарсы жолдастық кездесу өткізеді. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 2
Ұнамайды 1
Күлкілі 0
Масқара 1
Серіктес жаңалықтары
×