Премьер-лиганың бүгінге жоспарланған ойындары тәмамдалды

06.03.2024, 22:33

Қазақстан футбол лигасының 6 наурызға жоспарланған 2-тур кездесулері өз мәресіне жетті, деп жазады Аладоп.кз.

Премьер-лиганың бүгінге жоспарланған ойындары тәмамдалды

Қазақстан футбол лигасы, 2-тур

“Қайсар” 0:3 “Қызылжар”

Голдар: Березкин 16’, 80’, Cmiljanic 61’

Қызыл қағаз: Думан Нәрзілдаев 53’

Стадион: Ғани Мұратбаев, Қызылорда

“Атырау” 1:1 “Ордабасы”

Голдар: Керімжанов 66’ (аг), Қалдыбеков 90+5’

Стадион: Мұнайшы, Атырау

“Тобыл” 4:2 “Елімай”

Голдар: Тамбе 2’, Иванович 25’, Шахов 29’,   Шина 52’ (пен), Купер 73’, Тапалов 90+5’

Қызыл қағаз: Шараванья 59’

Стадион: Орталық, Қостанай

Ішкі біріншіліктің екі турынан кейін 6 ұпай жинаған Тобыл мен Астана көш басындағы 1 және 2 орындарды өздері арасында бөліп тұр. Үздік үштікті қоржынындағы 4 ұпаймен “Ордабасы” түйіндеп отыр.  Айта кетейік, “Шахтер”, “Жеңіс”, “Тұран”, “Жетісу”, “Қайрат” және “Ақтөбе” ұжымдары әлі 2-тур кездесулерін өткізген жоқ. Олардың запаста тағы бір матчы бар. 

 

 

 

 

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×