Рамостан “Реал” жайлы сұрастырған

01.03.2024, 18:44

Серхио Рамос Килиан Мбаппенің “Реал Мадридке” ауысуына мұрыңдық болуы мүмкін, деп жазады Аладоп.кз.

Рамостан “Реал” жайлы сұрастырған

Шабуылшы Килиан Мбаппе “ПСЖ” командасындағы келісімшартын ұзартқысы келмейді екен. Ол мадридтік клубқа еркін агент ретінде қосылуды жоспарлап отыр. 

Француз екі жыл командалас болған Серхио Рамоспен “Реал” жайлы біраз әңгіме-дүкен құрған. Онымен қоса, қорғаушы Мбаппенің Мадридтен жақсы үй тауып алуына көмектескен. 

Кей деректерге сенсек, Серхионың Испания астанасында бірнеше үйлері бар. Солардың бірін қорғаушы Килианға ұсынуы мүмкін деген ақпараттар да жоқ емес. 

Осы маусымда 25 жастағы шабуылшы “ПСЖ” үшін барлық турнирлерде 32 ойын өткізіп, 32 гол мен 7 голдық пас берді. 

 

 

 

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 5
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×