Ресейлік футболшы: Үндістан біріншілігі ҚПЛ-ден кем емес

Мұқашұлы Мұрат
Мұқашұлы Мұрат
Бас редактор
10.04.2024, 17:16

"Атырауда" доп тепкен Ресейлік футболшы Евгений Козлов Үндістан чемпионаты мен ҚПЛ деңгейін салыстырды.

Ресейлік футболшы: Үндістан біріншілігі ҚПЛ-ден кем емес

"Адамдар Үндістан чемпионатынан бейхабар. Ол жақтың футболы жайлы бірдеңе білсе де, тек үстіртін ғана ақпараттарға қанық. Көпшілік тек ғаламтордағы мәліметтермен таныс, жалпы Үндістан чемпионаты туралы ештеңе білмейді десе де болады. Ал ондағы біріншілік тәп-тәуір. Қазақстан премьер-лигасынан кем түспейді. Онда жоғары деңгейде ойнап көрген көптеген жақсы футболшылар бар", деген Атыраудың бұрынғы жартылай қорғаушысы. Айта кетейік, Евгений Козлов қаңтарда Үндістан чемпионатының" Мохамеддан" командасының қатарын толықтырды. Жартылай қорғаушы сондай-ақ "Атырау"," Қызыл-Жар", "Ақжайық" клубтарының жейдесінде өнер көрсеткен. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 5
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×