SD Family бірқатар ойыншылармен келісімге келді

14.02.2024, 20:52
SD Family бірқатар ойыншылармен келісімге келді

 

Елордалық SD Family ұжымы 6 футболшыны қатарына қосқанын хабарлады, деп жазады Аладоп.кз.

Командаға қорғаушылар Ілияс Альмухамедов, Сырбай Мәулен,  жартылай қорғаушылар Диас Андырмаш  пен Құдайберды Нарқұлов, шабуылшылар Бағдат Данияров пен Виктор Грабко келіп қосылды.

Барлық футболшының елордалық команда сапындағы келісімшарты бір жылға жарамды.

Айта кететіні, SD Family клубы бүгін “Оқжетпеске” қарсы жолдастық кездесу өткізіп, 1:1 есебімен тең тарқасып қайтты. 

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 14
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0

Тегтер:

футбол
Серіктес жаңалықтары
×