"Шахтер" посткеңестік елдердің ішіндегі ең үздік клуб

Мұқашұлы Мұрат
Мұқашұлы Мұрат
Бас редактор
18.02.2024, 09:11

Украиналық клуб ТМД елдері арасында футболшыларын сатудан ең көп табыс табатын команда. 

"Шахтер" посткеңестік елдердің ішіндегі ең үздік клуб

Мәселен, сонау  2009 да "Барселонаға" Дмитрий Чигринскийді 25 млн еуроға берді. Бірақ Дима каталондықтардың қатарында өз орнын таба алған жоқ. "Кеншілермен" бір маусым бұрын ғана жарқылдап, "УЕФА кубогін" ұтып алған қорғаушы "Барселонаның" негізгі құрамына іліне алмай ақ қойды. Сөйтіп, Чигринский арада бір жыл салып еліне қайтып оралды. "Шахтердің" сәтті трансферінің бірі Генрих Мхитарян. Украиналық команда 2013 жылы өзінің басты жұлдызын бундеслигаға жіберді. Дортмундтық "Боруссия" ақшаны аяған жоқ, 27, 5 млн еуроны ата салды. Армениялықтың әлеуетін сезген болар. Қалай десе де, немістер де ұтылған жоқ. Генрих команданың жүрегіне айналды. Талантты жартылай қорғаушының одан арғы мансабының қалай өрбігені өздеріңіз де жақсы білесіздер. 

"Кеншілер" 2000 жылдары талантты бразилиялықтарға екінші үйі сияқты болды. "Шахтердің" трансфердегі табысының басым бөлігі осы оңтүстік америкалықтарға тиесілі. Өзгесін былай қойғанда, Дуглас Коста мен Виллианның сатылымынан тап-таза 75 млн еуроны шытырлатып тұрып санап алды.

Украиналықтардың жейдесін сегіщ маусым бойы киген Фернандиньо 2013 жазында тұманды альбионды бетке алған. "Манчестер сити" сапында тоғыз маусым жоғары деңгейде өнер көрсетті. Сөйтіп, қос клубтың да аңызына айналды. "Шахтер" 2018 де тағы бір жұлдызын Манчестер қаласына жіберді. "Қызыл сойқандар" Фред үшін 59 млн еуроны аудара салды. 2016 ның қысында Алекс Тейшейра көпшілікті таңқалдырып Қытай біріншілігіне барды. Бірақ бұдан қос тарап та ұтылған жоқ еді. Украиналықтар Тейшейраның трансферінен бақандай 50 млн еуро табыс тапты. "Цзянсу Сунин" сапында шабуылшының тасы өрге домалай қоймаған секілді. Бес маусымнан кейін Тейшейра өзінің Отанына қайтып, "Васко да Гама" командасының қатарына қосылды. Ал украиналық топ клубтың ең табысты трансфері, сөзсіз Михаил Мудриктің "Челсиге" жіберуі. Шабуылшыны 100 млн еуроға сатқан украиналық клуб осы табысымен ақ посткеңестік елдердің клубтарын қалың шаңның арасына қалдырып кетіп отыр. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×