Сіз білесіз бе?

14.03.2021, 20:54
Бас төреші өз өзіне қызыл қағаз көретуі мүмкін бе?
Сіз білесіз бе?

Армысың, құрметті оқырман! Тақырыпшаны оқып, қызығып отырғаныңды білемін. Ендеше осы оқиғаның жәй-жапсарын айтып берейін.

1998 жылы Лондон жанындағы Чарльтон қалашығында "Саутгемптон Армс" пен "Хёрстборн Бритиш Легион" әуесқой командалар өзара матч өткізген. Ойын барысы бас төреші Мелвин Сильвестрге қиындық тудырған. Себебі Сильвестр мырзаның қабылдаған шешімдеріне алаңдағы футболшылар өз наразылықтарын білдірген. Екінші таймда бас қазының шыдамы таусылған. Төрешіге көңілі толмаған футболшы көпе-көрнеу Сильвестрды итеріп жіберген. Ашуға булыққан рефери аяқдопшының көзінен жұдырықпен ұрып, нокдаунға түсірді. Бас төреші не істегенін бірден түсініп, қалтасындағы қызыл қағазына қол жүгіртіп, өз өзін алаңнан қуады. Қолындағы ысқырығын қосалқы төрешіге беріп, киім ауыстыру бөлмесіне аттанады. Одан кейін футбол басшылығы Сильвестрды алты аптаға ойындардан шеттетеді. Бірақ бұл әрекеттен нәтиже шықпайды. Мелвин Сильвестра сол оқиғадан кейін ешқашан ойынға төрелік етпеймін деп өз өзіне ант берген. Кейіннен айтқан сөзі рас болып шыққан.


Нұрасыл Ғамзатұлы

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×