Тағы да келімсектер

10.03.2024, 15:07

Ресейлік “Тюмень” ФК қорғаушысы Исламжан Насыров Қазақстан ұлттық құрамасында өнер көрсеткісі келеді екен, деп жазады Аладоп.кз.

Тағы да келімсектер

Исламжан Насыров - футболшы:

“Қазақстан ұлттық құрамасында өнер көрсету бойынша маған ешкім ұсыныс жасаған жоқ. Бірақ менің тарапыма деген қызығушылық болып жатса, неліктен бақты сынап көрмеске. Мен қайта қуанышты болар едім”.

Насыров Орынбор облысында дүниеге келген сол жақтағы этникалық қазақтардың бірі.

Дәл қазіргі сәтте ол Ресейдің Бірінші лигасында өнер көрсетуде. Өз мансабында Исламжан тулалық “Арсенал” мен Екантерибургтық “Урал” сыңды командалармен бірге РПЛ 8 ойын өткізген.

2021 жылы Насыровқа “Тұран” командасы қызығушылық білдірген. Алайда 25 жастағы ойыншының таңдауы ресейлік клубқа түсті. 

Ел командасының қазіргі құрамында натурализация сатысынан өткен бір футболшы бар. Ол өздеріңіз біліп отырған  - Александр Зуев. Исламжан секілді ниет білдірген жартылай қорғаушы көк төлқұжатты алуда өз еңбектеніп, ақыры соңында Қазақстан жейдесінде өнер көрсетуге мүмкіндік алды. 2023 жылдың қорытындысы бойынша ол ел құрамасында бір ойын өткізіп үлгерді. 

 

 

 

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 7
Ұнамайды 3
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×