Танымал бапкер: Қазақстанның Грекиямен мүмкіндігі өте аз

Мұқашұлы Мұрат
Мұқашұлы Мұрат
Бас редактор
22.02.2024, 14:17

Танымал жаттықтырушы Алмас Құлшынбаев Еуроға іріктеу алдында ұлттық құрама жайлы ойын айтты. 

Танымал бапкер: Қазақстанның Грекиямен мүмкіндігі өте аз

- Енді бұл матч туралы не айтуға болады? Қазақстанға қиын болады. Қазір гректер мықты. Бізбен бір топта болған Словениядан да мықтырақ дер едім. Тіпті,  Даниямен шамалас деуге де болады. Сондықтан бізге өте қиынға соғайын деп тұр. Пайызбен айтсақ, 60/40 Грекия басым деп есептеймін. Бірақ бұл пікірім қате болып шықса екен" дейді елімізде есімі белгілі бапкер.

Айте кетейік, 21-ші наурызда Қазақстан ұлттық құрама командасы Еуро-2024 іріктеуі аясында Грекиямен кездеседі. Қай жеңгені Грузия-Люксембург жұбының жеңімпазымен жолығады. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×