Түркия Кубогынде сенсация! "Анкарагюджю" - турнирдің алғашқы жартылай финалисті

28.02.2024, 12:21

Анкара қаласының командасы Түркия Кубогының 1/4 финалында “Фенербахчеден” 3:0 есебімен басым түсті, деп жазады Аладоп.кз.

Түркия Кубогынде сенсация! "Анкарагюджю" - турнирдің алғашқы жартылай финалисті

Түркия Кубогы, 1/4 финал

Анкарагюджю 3:0 Фенербахче

Голдар: Моруцан 10’, Хацийованис 13’, Родригеш 89’

Стамбұлдық ұжым осы кездесуге дейін барлық турнирлерде 17 матч қатарынан жеңілмей келген болатын. Ал “Анкарагюджю” болса, 3 ойын қатарынан жеңілістің кермек дәмін татып келді. 

Ел Кубогының қалған жартылай финалдық жолдамасына: “Галатасарай” - “Карагюмрук”, “Бешикташ” - “Коньяспор”, “Трабзонспор” - “Истанбул Б” жұптары талас құрады. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 1
Ұнамайды 0
Күлкілі 1
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×