Зайнутдинов қорғаныс позициясында қайта өнер көрсетпек

14.03.2024, 23:47

“Аланьяспорға” қарсы 30-тур кездесуіне дейін бапкер Фернанду Сантуш “Бешикташ” құрамына өзгертулер енгізбек ниетте екен. 

Зайнутдинов қорғаныс позициясында қайта өнер көрсетпек

Түркия чемпионатының “Бешикташ” - “Газиантеп” арасында өткен 29-тур матчында жартылай қорғаушы болып өнер көрсеткен Бақтиер Зайнутдинов келер ойындарда қорғаушы позициясына ойыспақ. Ол аталған позицияда Юнас Свенссон, Тайип Сануч және Омар Колли  секілді футболшылармен бірге қарсыластың шабуына тойтарыс бермекші. 

Зайнутдинов Түркия Суперлигасының осы маусымында 24 ойынға қатысып үлгерді. 

Дәл қазіргі сәтте “Бешикташ” ішкі біріншілікте 46 ұпаймен турнирлік кестеде 4 орында тұрақтады. Ал стамбұлдық ұжымға алдағы уақытта қарсылас атанатын “Антальяспор” болса, қоржынындағы 38 ұпаймен 9 орында келеді. 

 

 

 

 

 

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 8
Ұнамайды 6
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×