Жарнама
Жарнама

“Ақша мені алаңдатпайды“ – Садио Маненің ағасы Ақтөбеде академия ашу үшін Қазақстанға келе жатыр

Бүгін, 15:27

Қазақстанның бірнеше футбол клубында өнер көрсеткен Сенегал ұлттық құрамасының бұрынғы шабуылшысы Малик Мане елді елең еткізген мәлімдеме жасады. Ол Ақтөбе қаласында уәде еткен меншікті футбол академиясының құрылысына қатысты жоспарын жариялады, деп хабарлайды Aladop.kz.

Жарнама
Жарнама

Legalbet.kz тілшісіне берген сұхбатында Cенегалдық футболшы академия ашу идеясынан бас тартпағанын, тек қолайлы сәтті күтіп жүргенін ашық айтты.

“Қазақстанда өз футбол академиямды ашу мәселесі бойынша әзірге сәл күте тұруды жөн көрдім. Мұндағы басты мәселе қаржыда емес — ақша мені мүлдем алаңдатпайды, бұл мен үшін түк те мәселе емес. Тек уақыт керек. Барлығы жақсы болады деп ойлаймын." — деді футболшы.

Малик Мане Қазақстанға келетін нақты күнін де белгілеп қойған. Ол Ақтөбеге тек қыдырып қана қоймай, маңызды мәселелердің де нүктесін қою үшін аттанбақ.

Ол Қазақстан топырағына 25 шілдеде қадам басады. Ең алдымен Ақтөбедегі ескі достарымен қауышып, содан кейін жобаның болашағын көзбен көрмек.

“Мен Қазақстанға 25 шілдеде ұшып келемін. Ақтөбедегі достарыммен көрісіп, жағдайды бағамдаймыз. Одан кейін бәрі белгілі болады." — деп түйіндеді Мане.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров