Жарнама
Жарнама

“Біздің таза голымызды тартып алды” – “Оқжетпестің” бапкері “Астанаға” қарсы матчтағы төрешілікке шүйлікті

Бүгін, 15:14

Қазақстан чемпионатында кезекті төрешілік дауы бұрқ ете қалды. "Оқжетпес" клубының бас бапкері Ринат Алюетов елордалық "Астанаға" қарсы өткен  кездесуде төрешінің өрескел қателік жібергенін  айтып, мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Aladop.kz.

Жарнама
Жарнама

Ринат Алюетов матч барысында командасының соққан таза голын төрешілердің негізсіз жоққа шығарғанына сенімді. Бапкер бұл сәтті өз көзімен қайта қарап шыққанын жеткізді.

“Меніңше, бірінші гол толықтай ережеге сай соғылды. Біз бұл сәтті қосалқы құрам орындығында отырып, планшеттен қайталап көрдік: екі ойыншы өзара таза күрес жүргізді және біз тамаша гол соқтық. Құдай оңдап, әділдік орнады деуге болады. Дәл сол футболшы екінші голды да соқты. Бұл бірінші голымыздың да заңды әрі әділетті болғанының дәлелі.” — деп ашынды маман.

Төрешілердің мұндай қысымына қарамастан, Көкшетаудың "Оқжетпесi" биылғы маусымда нағыз сенсация жасап жатыр. Команда ел чемпионатының алдыңғы шебінде нық тұр.

Қазіргі таңда клуб турнир кестесінде 19 ұпаймен үздік үштіктің қатарына жайғасқан. Олардың өткізген 10 матчтағы статистикасы мынадай таңғаларлық нәтижені көрсетіп отыр:

– 5 жеңіс, 4 тең ойын, 1 жеңіліс, 13 гол

"Оқжетпес” биыл жай ғана қатардағы ұжым емес, чемпиондық тақтан үміткер алпауыттардың мазасын қашыратын қауіпті күшке айналғанын дәлелдеуде. 

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров