Қазақстан футболында бұрын-соңды болмаған оқиға тіркелді, деп хабарлайды Aladop.kz.
Семейдің “Елімай” клубы ресми матч кезінде букмеркерлік кеңсенің жарнамасын киімдеріне ілуден үзілді-кесілді бас тартты. Бұл шешімнің соңы клуб үшін қаржылық шығынмен аяқталды.
Match KZ ақпарат көзінің хабарлауынша, Қазақстан Кубогы аясында өткен “Тұранға” қарсы кездесуде Cемейліктер алаңға букмекерлік компанияның логотипінсіз шыққан. Қазақстан футбол федерациясы бұл әрекетті регламентті бұзу деп танып, клубқа 259 500 теңге көлемінде айыппұл салды.
Бұл жай ғана ұмытшақтық немесе техникалық қателік емес. Семейлік клубтың ұстанған бағыты айқын. Клуб құрылған сәттен бастап букмекерлік кеңселермен серіктес болудан бас тартқан. “Елімай” құмар ойындарды насихаттауға қарсы және жанкүйерлер алдындағы таза беделін сақтауды жөн көреді. Клуб миллиондаған демеушілік қаражаттан бас тарта отырып, өз құндылықтарын бәрінен жоғары қойды.
Бүгінде Қазақстан Премьер лигасы мен Кубогындағы командалардың басым бөлігі бәс тігу компанияларының ақшасына иек артып отырғанда, “Елімайдың” бұл қадамы нағыз ерлікпен тең. Желі қолданушылары мен футбол сарапшылары клуб басшылығының бұл шешіміне “RESPECT” (құрмет) білдіріп, қолдау көрсетуде.
Біздің серіктес: FONBET