Жарнама
Жарнама

Ақтаулықтардың қалталары қалыңдады

Бүгін, 16:40

"Каспий" футболшылары "Ордабасыны" жеңгені үшін үш еселенген сыйақы алады, деп хабарлайды Aladop.kz.

Жарнама
Жарнама

Ақтаулық "Каспий” клубы Қазақстан Премье лигасының көшбасшысынан басым түскен футболшыларын ерекше марапаттауды ұйғарды.

Елдар Аманбаевтың ақпараты бойынша, клуб басшылығы ҚПЛ-дің 17-туры аясында Шымкенттік "Ордабасыға" қарсы өткен ойындағы сенсациялық жеңіс үшін ойыншыларға үш еселенген сыйақы төлеу туралы шешім қабылдады.

Қызылорда қаласында өткен бұл тартысты кездесу 3:2 есебімен "Каспийдің" пайдасына аяқталған болатын.

Бұл жеңіліс Шымкенттік "Ордабасы" үшін биылғы Қазақстан чемпионатындағы алғашқы сәтсіздігі.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров