Жарнама
Жарнама

“Қайрат” капитаны Чемпиондар лигасының маңызды матчына қатыспауы мүмкін

Бүгін, 13:30

Алматылық "Қайраттың" капитаны Александр Мартынович Чемпиондар лигасының іріктеу кезеңіндегі қарымта матчты өткізіп алу қаупінде тұр, деп хабарлайды Aladop.kz.

Жарнама
Жарнама

38 жастағы Беларусьтік қорғаушы Чемпиондар лигасының бірінші іріктеу кезеңі аясында Черногориялық "Сутьеска” клубына қарсы өткен алғашқы кездесуде жарақат алып, алғашқы таймнан кейін бірден алмастырылған болатын. Алматыда өткен бұл ойын 2:1 есебімен Қазақстандықтардың жеңісімен аяқталған еді. 

Александр Мартынович — команданың негізгі тіректерінің бірі. Ол ағымдағы маусымда "Қайрат” сапында барлық турнирлерде 18 матчқа қатысып, 2 гол соққан. Оның алаңда болмауы команданың қорғаныс шебіне айтарлықтай әсер етуі мүмкін.

Қос команда арасындағы қарымта ойын 15 шілдеде Черногорияның Никшич қаласында өтеді. 

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров