Жарнама
Жарнама

Хаби Алонсо Дастан Сәтпаевқа тәлімгерлік еткеннен кейінгі әсерімен бөлісті

Бүгін, 13:14

Лондондық "Челси" клубының жаңа бас бапкері болып тағайындалған Хаби Алонсо өзінің алғашқы сезімдерімен бөлісіп, бұл қызметті үлкен жауапкершілік пен мақтаныш деп санайтынын жеткізді, деп хабарлайды Aladop.kz.

Дастан Сәтпаев & Коул Палмер
Жарнама
Жарнама

Алонсоның айтуынша, соңғы он жылдықтарда үлкен жетістіктерге жеткен әлемдегі ең үздік клубтардың бірінің бөлшегі болу — ол үшін үлкен мәртебе.

"Мен алдағы кезеңдерді асыға күтемін. Бізді алда қызықты сынақтар күтіп тұр, қазіргі сәттің кереметі де осында." — деді ол клубтың ресми сайтына берген сұхбатында.

Хаби Алонсо "Челси" тізгінін ресми түрде 2026 жылдың 1 шілдесінде ұстады. Ол биылғы жылдың басынан бері Лондондықтарды жаттықтыратын үшінші бапкер болып отыр. Англияға келмес бұрын Испаниялық маман Мадридтік "Реалды” жаттықтырған.

Қазақстандық футбол жанкүйерлері үшін бұл жаңалықтың маңызы зор, себебі жақында клуб сапына 17 жасар Қазақстандық шабуылшы Дастан Сәтпаев қосылғаны белгілі. Ол қазірдің өзінде Хаби Алонсоның жетекшілігімен алғашқы жаттығуын өткізіп үлгерді. Алайда, оның әзірге негізгі құрамға еніп, енбеуі белгісіз.

Айта кетсек, Бұған дейін БАҚ беттерінде Сәтпаевтың Винисиус Жуниордың командаласы атануы мүмкін екені туралы да ақпараттар тараған болатын, яғни “Челси” Бразилиялыққа қызығушылық танытуда.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров