Кеше (10.07) Қазақстан Премьер лигасының 2026 жылғы маусымындағы ең үлкен сенсациялардың бірі орын алды. Ақтаулық "Каспий" Қызылорда төрінде жеңіліс дегенді ұмытқан "Ордабасыны" тәубесіне түсірді, деп хабарлайды, Aladop.kz.
"Каспийдің” жеңіске жетуіне түрткі болған негізгі себептер қандай? Сараптап көрелік.
"Каспийдің” жеңісі: Жаңа есімдер мен тиімді тактика
"Каспийдің" бұл жеңісін ең алдымен клубтың сәтті трансферлік саясатымен байланыстыруға болады. Матчта соғылған үш гол мен нәтижелі пастардың барлығы дерлік маусым ортасында, маусым айында командаға қосылған жаңа ойыншылардың еншісінде.
– Жаңа ойыншылардың жарқырауы: Команданың барлық голдарын жаңадан келгендер соқты.
Бірінші голды Владислав Климович бұрыштамадан келген пасты баспен бағыттап енгізді. Екінші голдың авторы — Рамазан Абылайхан, ол тағы бір жаңа ойыншы Данияр Үсеновтің пасын сәтті пайдаланды. Жеңісті голды Француз легионері Кеба Силла жеке шеберлігінің арқасында салып, "Каспийге” басымдық берді.
– Стандартты жағдайлар мен қарсы шабуыл:
"Каспий” қорғаныста жинақы ойнап, төменгі блокта отырды. Олар допқа иелік етуге тырыспай, өз мүмкіндіктерін стандарттар мен жылдам қарсы шабуылдардан іздеді және бұл тактика 100% нәтиже берді.
– Психологиялық дайындық:
Осы ойынның алдында "Каспий" екі матч қатарынан "Атырауды” ұтып, жақсы қарқын алған болатын. Бұл сенімділік оларға көшбасшыдан қорықпай ойнауға мүмкіндік берді.
"Ордабасының" алғашқы жеңілісі: Қорғаныстағы қателіктер мен VAR шешімі
Шымкенттік ұжым матч бойы басымдыққа ие болғанымен, бірнеше фактор олардың жеңілісіне алып келді.
– Қорғаныстағы бос орындар:
"Ордабасының" орталық қорғаушылары Килама мен Аманович шабуылға тым жоғары шығып кетіп, арқа тұстарында бос алаңдар қалдырды. "Каспий” шабуылшылары осы бос аймақтарды шебер пайдаланды.
– Бьорн Йонсенге тым тәуелділік:
Шымкенттіктердің шабуылы көбіне ұзын бойлы Норвегиялық шабуылшы Йонсенге доп асыруға негізделді. Ол бір гол соғып, есепті теңестіргенімен, қалған сәттерде "Каспий” қорғаушылары оны тоқтата алды.
– VAR-дың әсері:
Матчтың бетбұрысты сәті — Бьорн Йонсеннің екінші голының жоққа шығарылуы. Егер бұл гол есептелгенде, есеп 2:2 болып, ойын басқа арнаға бұрылуы мүмкін еді. Алайда, видео-ассистенттер офсайдты тіркеп, голды есепке алмады.
– Ауа райы және салғырттық:
Қызылордадағы 34 градус ыстық пен лидерлік статус команданың қырағылығын төмендеткен болуы мүмкін. Көшбасшы команда соңғы орындардағы қарсыласын бағаламаудың зардабын тартты деуге болады.
Қорытынды:
"Каспий” бұл жеңісі арқылы турнир кестесіндегі жағдайын түзеп, 12-орынға көтерілді. Ал "Ордабасы” үшін бұл маусымдағы алғашқы жеңіліс болды, бірақ олар әлі де 40 ұпаймен көш бастап тұр.
Біздің серіктес: FONBET