«Ақтөбе» иесі Нұрлан Артықбаев команда құрамын жасарту бағытын ұстанып отыр, деп хабарлайды Aladop.kz.
«Серый CARDINAL» телеграм арнасының мәліметінше, клуб басшылығы «Ақтөбенің» Қазақстан Премьер-лигасындағы ең жасы үлкен командалардың бірі деген мәртебесінен арылуды мақсат еткен.
Осыған байланысты тәжірибелі футболшылар Луиш Нани мен Бағдат Қайыровтың командадан кететіні хабарланды.
Алайда аталған екі ойыншы кеткеннің өзінде «қызыл-ақтар» Қазақстан чемпионатындағы орташа жасы ең жоғары ұжымдардың қатарында қала береді. Сондықтан алдағы уақытта команда құрамында қосымша өзгерістер болуы ықтимал.
Айта кетейік, Қазақстан Премьер-лигасының 29 турынан кейін «Ақтөбе» 46 ұпай жинап, турнирлік кестеде бесінші орында тұр.
2026 жылдың 8 қаңтарында клуб ресми түрде қазақстандық кәсіпкер Нұрлан Артықбаевтың меншігіне өткен болатын. Бұған дейін, 2025 жылдың қарашасында Ақтөбе облысының әкімдігі клубты жекешелендіру және инвестор тарту жоспарын жариялаған. Сауда-саттық нәтижесінде клуб 364 миллион теңгеге сатылды.
Осылайша, «Ақтөбе» жаңа маусым қарсаңында құрамын жаңартып, жас футболшыларға көбірек мүмкіндік беруді көздеп отыр.
Біздің серіктес: FONBET