Жарнама
Жарнама

“Ақтөбе” нағыз гауһарды иеленді – Трансфердің маңызы неде?

Бүгін, 20:22

Жартылай қорғаушы Жоао Витор Гауденсионың Қазақстанға келуі — жай ғана ауыс-түйіс емес, үлкен стратегиялық жүріс болып шықты, деп хабарлайды Aladop.kz.

Жарнама
Жарнама

Ойыншының агенті Сандро Виенхаге Legalbet.kz тілшісіне берген сұхбатында трансфердің қызықты тұстарын жария етті. Оның айтуынша, Ақтөбеліктер Бразилиялық талантты алпауыт клубтардың назарына ілікпей тұрып, дер кезінде қолға түсірген.

Гауденсио "Ақтөбе” сапында осы жылдың желтоқсанына дейін жалда өнер көрсетеді. Егер ойыншы өзін жақсы қырынан көрсетсе, клуб оның трансферін толықтай сатып ала алады.

Бразилияның "Аваи” және "Новоризонтино” секілді танымал клубтары бұл ойыншы үшін талас бастап қойған екен.

Агенттің сипаттамасы бойынша, Гауденсио — заманауи футболдағы ең таптырмас позиция, яғни “box-to-box” (айып алаңынан айып алаңына дейін жүгіретін) шебері.

“Ол — өте серпінді, қарқыны жоғары ойыншы. 90 минут бойы шаршауды білмейді. "Ақтөбе” басшылығы оның әлеуетін бірден байқады. Меніңше, клуб оны бағасы шарықтап кетпей тұрып иемденіп, көрегендік танытты.” — дейді Виенхаге.

Қазіргі уақытта Бразилиялық легионер бейімделу кезеңінен өтуде. Агенттің айтуынша, ойыншыға толық бабына келу үшін бір ай уақыт қажет. Осы мерзімнен кейін "Ақтөбе" жанкүйерлері алаңнан мүлдем басқа деңгейдегі футболды көретініне сенімді.

Егер бұл болжамдар орындалса, "Ақтөбе" жақын арада Гауденсионы Еуропалық алпауыттарға бірнеше есе қымбатқа сатып, үлкен табысқа кенелуі де ғажап емес. 

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров