Павлодардың "Ертіс" клубының бас бапкері, Беларусьтік маман Кирилл Альшевский Қазақстан чемпионатындағы алғашқы әсерлерімен бөлісті, деп хабарлайды Aladop.kz.
Оның айтуынша, біздің біріншіліктегі бәсекелестік пен атмосфера Eуропалық бапкерлер үшін де өте тартымды.
Альшевскийдің пайымдауынша, лиганың деңгейін көшбасшылар емес, аутсайдерлердің ойыны айқындайды. Қазақстанда тіпті турнир кестесінің соңындағы ұжымдардың өзі фавориттерге лайықты қарсылық көрсете алатыны бапкерді тәнті еткен.
"Кез келген ойында жеңіске жету оңай емес, лидераларға ұпай алу үшін барын салу керек. Ойындардың көбі соңғы минутқа дейін шиеленісті өтеді. Бапкерлік тұрғыдан мұндай ортада жұмыс істеу шеберлігімді шыңдай түседі.” – деді бапкер Қазақстандық БАҚ-қа берген сұхбатында.
Беларусьтік маман әсіресе Павлодарлық жанкүйерлердің футболға деген сағынышын ерекше атап өтті. "Ертістің" үлкен футболға оралуы қала үшін үлкен оқиғаға айналған.
“Бірінші турдағы "Ордабасыме өткен ойын — нағыз футбол мерекесі болды. Көрермендердің қолдауы өте керемет, бұл лигаға деген қызығушылықты еселей түседі. Қазақстан чемпионаты — деңгейі жоғары, тартысты лига.” — дейді Кирилл Альшевский.
Әзірге маусымның басы болғандықтан, бапкер 100 пайыздық қорытынды жасауға әлі ерте екенін айтады. Дегенмен, алғашқы қадамдар мен командалардың деңгейі оған үлкен үміт сыйлаған.
Біздің серіктес: FONBET