Вячеслав Швырев Талдықорғанның "Жетісу" клубында қаралымда жүр және жақын арада аталған команданың сапын толықтырады, деп хабарлайды Aladop.kz.
Вячеслав Сергеевич Швырёв — шабуылшы және шабуылдаушы жартылай қорғаушы позицияларында өнер көрсетеді.
25 жасар Вячеслав Aлматылық "Қайрат” футбол академиясының түлегі болып табылады. Өзінің туған клубы — "Қайрат” және "Қайрат-Мәскеу” сапында барлық турнирлерде 100-ден астам матч өткізген. Сондай-ақ, мансабының белгілі бір кезеңінде "Ақжайық" клубында жалда ойнап қайтты.
2025 жылғы маусымда Швырев екі бірдей отандық клуб — "Ордабасы” мен "Ақтөбе” сапында өнер көрсетті. "Ақтөбе" құрамында ол Еуропа лигасының іріктеу кезеңінде Польшалық "Легияға” қарсы маңызды матчтарға қатысты. Алайда, 2026 жылдың қаңтарында клубпен келісімшартты бұзды.
2026 жылдың 27 қаңтарында футболшы еркін агент ретінде Павлодарлық "Ертіс” командасына ауысты. 2026 жылғы маусымда ол Павлодарлықтар үшін 16 матч өткізіп, 2 нәтижелі пас берді. 2026 жылдың 8–10 шілдесінде клуб басшылығымен өзара келісім бойынша келісімшарт мерзімінен бұрын тоқтатылды.
Біздің серіктес: FONBET