Бельгиялық «Андерлехт» клубы Марокконың «Юнион Турага» командасының шабуылшысы Тавфик Бентайебті өз қатарына қосты, деп хабарлайды Aladop.kz.
24 жастағы форвардтың трансфері үшін Бельгиялықтар 4 миллион еуро төледі. Айта кетерлігі, Transfermarkt порталы ойыншының нақты құнын 8 миллион еуроға бағалаған болатын.
Өткен маусымда Бентайеб Француздық «Труа» клубында жалда ойнап, 18 голмен Лига 2-нің үздік сұрмергені атанған еді.
Бұл трансфер «Андерлехт» клубының Еуропа лигасының плей-офф кезеңіндегі табысты ойынынан кейін жүзеге асып отыр. Алматыда өткен алғашқы матчта Бельгиялық ұжым «Қайратты» 3:0 есебімен ойсырата жеңген болатын.
Екі команда арасындағы қарымта кездесу 27 тамызда Брюссельде өтеді.
Біздің серіктес: FONBET